Димитар Димитров "Ертіспен" келісімшартты бұзу үшін өз қалтасынан ақша төлеген
Жуырда ғана болгаиялық "Лудогорец" клубының тізгінін ұстаған маман Димитар Димитров "Ертіспен" келісімшартты уақытынан бұрын бұзу үшін өз қалтасынан ақша төлеген. Бұл туралы KotaSport.bg басылымы хабарлайды.
Басылымның мәліметі бойынша, Димитров "Ертістен" кетіп бара жатқанда оның павлодарлық клубпен келісімшарт болған екен. Сондықтан да келісімшартты бұзу үшін болгар маманы өз қалтасынан ақша төлеген. Болгариялық басылымның ақпаратына сүйенсек, бапкер алты сандық ақша төлеген екен.
Өткен аптада Димитар Димитров "Лудогорецтің" бас бапкері ретінде көпшілікке таныстырылды. Бапкердің айтуынша, оның болгариялық клубтағы жалақысы "Ертіспен" салыстырғанда әлдеқайда аз.
Еске салайық, Димитров "Ертістен" 9 тамыз күні кеткен еді. Павлодарлық клубтың тізгінін ол 2015 жылдың маусым айында ұстаған еді. Өткен маусымда ол "Ертіспен" бірге Қазақстан біріншілігінің қола жүлдесін жеңіп алды.

Жарнама