Мировой футбол
4 желтоқсан 2017 14:03
 
Бұзақылар Мессидің ескерткішін тағы да қиратып кетті

  Пікірлер

blog.share

Бұзақылар Мессидің ескерткішін тағы да қиратып кетті

Бұзақылар танымал футболшы Лионель Мессидің Буэнос-Айрестегі ескерткішін қиратып кетті.

Бұл жағдай биылдыққа екінші рет қайталанып отыр. Қаңтар айында бұзақылар қола мүсінді қақ ортасынан бөлген еді. Ал бұл жолы футболшы ескерткішінің аяғын сындырып кеткен. Жергілікті полиция бұзақыларды анықтау мақсатында іздестіру жұмыстарын бастап кеткен.

Айта кетейік, биыл Лионель Месси Аргентина құрамасымен бірге 2018 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионатына жолдама алды. 1 желтоқсан күні өткен жеребе қорытындысы бойынша Хорватия, Исландия және Нигерия құрамалары қарсылас атанды. Ал футболшының бір арманы – әлем чемпионы атану. 2014 жылы Бразилияда өткен доп додасының финалында Аргентина құрамасы қосымша уақытта Германияға ұтылып қалған еді.

Жарнама

Живи спортом!