Еске салайық, өткен жылдың қараша айында Робиньо зорлау әрекеті үшін тоғыз жылға сотталуы мүмкін деген ақпарат шыққан еді. Оқиға Миланда 2013 жылдың 22 қаңтарында болған. 2017 жылдың 23 қарашасында Милан соты 33 жастағы футболшы мен тағы бес адамды кінәлі деп тапқан болатын. Робиньо өзінің кінәсін мойындамай, сот үкіміне қарсы шағымданатынын айтты.
11 қазанда Робиньо «Сантоспен» келісімшартқа отырды, бірақ 6 күннен кейін клуб келісімшартты бұзды.