auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Бразилия министрі Робиньоны тез арада түрмеге қамауды талап етті

Робиньо зорлау әрекеті үшін тоғыз жылға сотталуы мүмкін деген ақпарат шыққан еді.

Бразилия министрі Робиньоны тез арада түрмеге қамауды талап етті
Бразилияның отбасы және адам құқықтарын қорғау министрі Дамарес Алвес "Реал", "Милан" мен "Манчестер Ситидің" бұрынғы шабуылшысы Робиньоны түрмеге жабуды талап етті.

"Дереу түрмеге отырғызыңдар, менің басқа айтарым жоқ. Апелляциялық шағым түсіруге болады. Сізге тағы не керек? Түрме. Бірде-бір зорлаушыға қошемет көрсетуге болмайды. Жігіт футболға оралып, қайтадан қаһарман болғысы келеді", - деді Алвес берген сұхбатында.

Еске салайық, өткен жылдың қараша айында Робиньо зорлау әрекеті үшін тоғыз жылға сотталуы мүмкін деген ақпарат шыққан еді. Оқиға Миланда 2013 жылдың 22 қаңтарында болған. 2017 жылдың 23 қарашасында Милан соты 33 жастағы футболшы мен тағы бес адамды кінәлі деп тапқан болатын. Робиньо өзінің кінәсін мойындамай, сот үкіміне қарсы шағымданатынын айтты.

11 қазанда Робиньо «Сантоспен» келісімшартқа отырды, бірақ 6 күннен кейін клуб келісімшартты бұзды.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар