Мировой футбол
9 наурыз 2017 12:50
 
"Барселона" - ПСЖ матчының тағдырын Эмеридің қателігі шешті - Ермұхамед Мәулен

  Пікірлер (1)

blog.share

"Барселона" - ПСЖ матчының тағдырын Эмеридің қателігі шешті - Ермұхамед Мәулен Сурет Ермұхамед Мәуленнің жеке мұрағатынан алынды

"Хабар" арнасының спорт журналисі, танымал спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен кеше түнде "Барселона" мен ПСЖ клубы арасында өткен ойын туралы пікірімен бөлісті. 

"Кешегі 2 команданың да жанкүйері емеспін. Өзімнің жеке пікірімді айта кетейін. "Барселона" алғашқы ойыннан кейін Чемпиондар лигасынан шығып кеткендей көрініп еді. Алайда минималды мүмкіндігі болды. Команда соған түбі жетті. Матчы көрген көптеген көрермен ләззат алды. Енді сиясы кеппей тұрып, талқылап жіберсек. Ойынның үшінші минутында Суарес гол соққан кезде жай ғана кездейсоқтық деп қарадық. Қарбаласқан сәт, ондайда түрлі оқиға болады. Жылдам гол соғылғаннан кейін қарсыласты тіпті жаншып тастауға болатын еді. Бірақ ПСЖ тез шашыла салған жоқ.

39-минутта ғана 2-гол соғылды. Таза Иньестаның жоқ жерден соққан добы. Осы кезде "Барселона" ойыншылары сәттілік жолдас болып тұрғанын сезді. Тайм ортасындағы үзілісте Энрике осыны түсіндірген де болар. Былай қарасаңыз, Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде кіретін голдар емес. Қорғаныстың қателігі. Тьягодан өзгелердің барлығы ПСЖ-да жас жігіттер. Тәжірибиенің аздығы әсер етті.

Екінші таймда Эмери бірден жағдайды өзгертуі тиіс еді. Тәжірибиелі ойыншы Ди Марияны жарақаты бар деп қорқақтап бірден шығармады. Шығару керек еді. 46-минутта ойынды өзгертуі қажет болатын. Бірақ, ол онсызда құрдымға кетіп бара жатқан матчты одан әрі тамашалай берді. Футболда көп нәрсені бапкер шешеді. Ал 3 гол соғылғанда "Барса" одан сайын от алды. Осы үшінші голға тоқталсақ. Пенальти күмәнді екені анық. Допты көз алдында ұстап тұрған ПСЖ қорғаушысы тегіс жерден сүрінді. Сөйтсе, арт жақтан келген Неймар дәл соған келіп ұрынды. Қарсыласты визуалды көрмей тұрып құлаған қорғаушы ойын тәртібін бұзу өте қиын. Таза ойын жағдайы. Алайда қақпаның арғы бетінде осы оқиғаны жақыннан көре алмаған қосалқы төреші Айтекинге пеналти бер деп кеңес берді. Бұл осы ойындағы төрешілердің анық 100 пайыз дұрыс шешімі деп айта алмаймыз. Негізі ойынның алғашқы минутында Маскераноның қолы тиген сәт - таза 11-метрлік еді.

Жарайды, делік, одан кейін де ПСЖ Каванидің арқасында есепті 3:1 қылған кезде франциялықтар келесі кезеңге шықтық деп қатты қуанды. Ал Чемпиондар лигасы мұндайды кешірмейді. Вератти Эмеридің құшағына секіріп, барша ПСЖ фанаттары да бөріктерін аспанға атты. Бірақ, футбол 90 минут емес, төрешінің ақтық ысқырығына дейін жалғасатын қағидасы бар.

Жалпы, Эмеридің тактикасы ойынның нәтижесі қандай болса да сәл ауырлау еді. "Барсаға" қарсы ойында қорғанысқа жатып алып, қарымта шабуыл ұйымдастыру сенімсіз жүріс. "Арсенал", "Ювентус" секілді командалар талай осыдан опық жеді. Осы ортада матчтың соңына дейін Ди Мария мен Каваниде гол соғатын 100 пайыздық мүмкіндіктер болды. Екеуі де мүмкіндікті мүлт жіберді. Жалпы, сол жағдайдың маңыздылығын олар аңдамай жатты. Ал Неймар айып добынан гол соққан кезде матчтың 87-минуты болатын.

Тура Олимпиада финалындағы голының көшірмесін жасады бразилиялық. Одан кейінгі Суарестің итшілеп жүріп сұрап алған пенальтиі де соншалық таза дей алмаймыз. Бірақ, алдыңғы жағдайға қарағанда бұл жерде ұялмай пенальти белгілеуге болар еді. Айтекин солай істеді де. Төреші 5 минут уақыт қосты. Соның 4-ші минут кеткенде алаңға аламасып енген жас ойыншы Серхи Роберто гол соқты. Бұл жерде Луис Энрикенің мықтылығын айтуымыз қажет. Бапкерлік өнердің де дәмін енді тата бастағандай. Сэр Алекс пен Хиддинктердің ойыншыларды дәл шығаратын қасиетін өз бойынан сезгендей. "Милан"-"Депортиво", "Милан"-"Ливерпуль" теке тіресі, одан кейінгі "Мидлсбролардың" қос матчтан тұратын ойындарында көрсеткен "ерлігін" "Барса" да қайталады. Ұзақ уақыт фанаттар есінде болатын матч.

Эмеридің тәжірибиесіздігі байқалды. Мынандай матчта, ПСЖ бір-біріне жақын орналасып, қысқа пастарды көп беріп, уақытты "мәдениетті" түрде соза беруі керек еді. Трапп та допты ойынға қосу кезінде асыға берді. Қорғаушылар келген допты бас-көзсіз алға тебе берді. Бей-берекет әрекеттер ПСЖ-ны допсыз көп уақыт жүруге душар еткізді. Ал "Барсаға" қарсы олай ойнау мүлде қиын екенін олар матчтың соңына қарай анық аңғарды. Ортада Мотта жетіспеді. Матюди көп шатасты. Рабьо, Курзава, Маркиньостар әлі тісқаққан қорғаушылар емес еді. Бұл тұста Кьелини, Барцалли, Бонуччи үштігі болғанда, немесе ең болмағанда ортада Давид Луис секілді қасқыр-қорғаушы болғанда ойын мүлде басқаша өрбитін.
17-наурыз күні соқыр жеребе "Барсаға" кімді түсірер екен? Дәл қазір мына матчтан күш алған оларды Еуропада тоқтатуы мүмкін 2 команда бар. "Реал" мен "Бавария". Және өз атымнан тағы бір команданы қорсқым келеді. Туриндік "Ювентус"", - дейді Мәулен. 

Айта кетейік, Чемпиондар лигасының ширек финалынының бірінші ойынында "ПСЖ" командасынан 4:0 есебімен ұтылған каталондық клуб "Камп Ноудағы" қарымта ойында 6:1 есебімен жеңіске жетті.

blog.share
1

Жарнама

Живи спортом!