Мировой футбол
20 қараша 2020 17:26

"Астана" футболшысы Ұлттар лигасы турнирінің үздік ассистенті атанды

Сурет: uefa.com©
Елордалық "Астана" мен Армения құрамасының жартылай қорғаушысы Тигран Барсегян Ұлттар лигасы турнирінің топтық кезеңінің үздік ассистенті атанды,- деп хабарлайды клубтың ресми сайты. 

27 жастағы футболшы төрт нәтижелі пас берген. Содан кейін үш нәтижелі пас берген Лоренцо Инсинье (Италия, "Наполи"), Стеван Йоветич (Черногория, "Монако"), Венсан Тилль (Люксембург, "Орлеан") орналасса, екі пас берген Кевин Де Брейне (Бельгия, "Манчестер Сити") үшінші орынға жайғасқан. 

Айта кетейік, Армения құрамасы алты ойында 11 ұпай жинап, С лигасының екінші тобында бірінші орын алды. Енді олар келесі маусымжа В тобында өнер көрсетеді.