Мировой футбол
25 қаңтар 2017 10:09
 
Аршавиннің 2018 жылғы әлем чемпионатына қатысқанын қалаймын - Мутко

  Пікірлер

blog.share

Аршавиннің 2018 жылғы әлем чемпионатына қатысқанын қалаймын - Мутко ©Eurosport.ru

Ресей футбол одағының президенті Виталий Мутко қазіргі уақытта алматылық "Қайрат" сапында өнер көрсетіп жүрген жартылай қорғаушы Андрей Аршавиннің 2018 жылы Ресей жерінде өтетін футболдан әлем чемпионатына қатысқанын қалайтынын айтты. 

"Мен Андрейдің 2018 жылғы әлем чемпионатына қатысқанын қалаймын. Аршавин Ресей футболы үшін көп нәрсе істеді. Әлем чемпионатын Ресейде өткізу үшін көмектесті. Қазір ол "Қайрат" сапында керемет ойнап, қазақстандық жанкүйерлерді әдемі голдарымен тәнті етіп жүр. Менің ойымша, оның әлі де әлем чемпионатына қатысатын мүмкіндігі бар. Бірақ бұл тек менің ғана ойым. Құрамаға кім ілігетінін тек Станислав Черчесов шешеді. Мен оның жұмыстарына араласпаймын", - дейді Мутко "Известия" газетіне берген сұхбатында. 

Бұған дейін испандық Marca басылымы 35 жастағы Аршавинді ешқашан әлем біріншілігіне қатыспаған футбол жұлдыздарының ондығына қосқан болатын. 

Айта кетейік, 2018 жылы Ресей жеріндегі футболдан әлем чемпионаты 14 маусым мен 15 шілде аралығында 11 қалада өтеді. Ал финалдық кездесу Мәскеуде "Лужники" стадионында болады деп жоспарлануда. 

Андрей Аршавин футболдан Ресей құрамасы сапында 2002 және 2012 жылдар аралығында өнер көрсеткен болатын. Жартылай қорғаушы сол он жылдың ішінде ұлттық құрамасында 74 кездесу өткізіп, 17 гол соққан. 

Жарнама

Живи спортом!