Армения құрамасының төрт футболшысы коронавирус жұқтырып алды

Сурет: ffa.am©
Футболдан Армения құрамасының төрт футболшысынан коронавирус анықталды. Бұл туралы Армения футбол федерацисының сайты хабарлап отыр. 

Геворг Казарян, Саргис Адамян, Андре Чалишир және Григор Меликсетян секілді футболшылардан вирус анықталған. Енді олар Солтүстік Ирландия құрамасына қарсы кездесуге қатыса алмайды. 

Сонымен қатар, коронавирус команданың физикалық бапкеріне жауап беретін бапкер Хавьер Миньянодан және команданың тағы үш өкілінен шығыпты. 

Енді 18-қараша күні Никосияда Солтүстік Ирландияға қарсы өтетін ойынға 19 ғана футболшы дайындалып жатыр екен. 

Айта кетейік, Армения құрамасында Қазақстан біріншілігінде өнер көрсететін Давид Юрченко ("Шахтер"), Камо Оганесян ("Кайрат"), Арман Оганесян ("Тобол") және Тигран Барсегян ("Астана") секілді футболшылар ойнайды. 



Метки:
Жаңалықтар
2 желтоқсан 2022, 15:47
Әлем футболы
Емханаға түскен Пеле жағдайын айтты
2 желтоқсан 2022, 14:07
Әлем футболы
Жерар Пике мен Шакира ресми түрде ажырасты