"Арис" Конференция Лигасындағы "Астанаға" қарсы ойнайтын құрамын жариялады

Сурет "Арис" сайтынан алынды.

Грекиялық "Арис" футбол клубы Конференция Лигасы екінші іріктеу кезеңіндегі ойынға қатысатын ойыншылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Gazzetta.gr басылымы.

"Арис" командасының "Астанамен" болатын ойынға шығатын құрамы:

Қақпашылар: Хулиан Куэста, Денис Сезар Матос, Мариос Сиампанис;

Қорғаушылар: Йоан Беналуан, Георгиос Делизисис, Фабиано Лейсман, Апостолос-Илиас Мартинис, Лукас Саша, Эмануэль Шакич, Даниэль Сундгрен;

Жартылай қорғаушылар: Факундо Бертольо, Матео Гарсия, Изет Хайрович, Джеймс Джегго, Хавьер Матилья, Даниэль Манчини, Зизис Салиарис;

Шабуылшылар: Бруно Гама, Бруно Фелипе, Константинос Хатзипирпиридис, Бруно Гана, Димитриос Манос, Костантинос Митроглу.

Айта кетерлік жайт, 31 жастағы Факундо Бертольо 2018 жылы шымкенттік "Ордабасы" (14 матч, 1 гол) сапында доп тепкен.

Сонымен қатар, ағылшындық "Лестерде" ойнаған орталық қорғаушы Йоан Беналуан мен "Марсель", "Бенфика", "Фулхэм" мен "Галатасарай" намысын қорғаған шабуылшы Константинос Митроглуды да атап өткен жөн.

Метки:
Жаңалықтар
2 желтоқсан 2022, 15:47
Әлем футболы
Емханаға түскен Пеле жағдайын айтты
2 желтоқсан 2022, 14:07
Әлем футболы
Жерар Пике мен Шакира ресми түрде ажырасты