Мировой футбол
19 қазан 2020 15:41
 
Аргентиналық клуб "Барселонаны" сотқа берді

  Пікірлер

blog.share

Аргентиналық клуб "Барселонаны" сотқа берді Сантьяго Рамос Минго. Сурет: Sport-express.ru©

"Бока Хуниорс" 18 жастағы уругвайлық қорғаушы Сантьяго Рамос Мингоның трансфері бойынша "Барселонамен" соттасып жатқанын хабарлады. Бұл туралы клубтың президенті Хорхе Амор Амеаль мәлімдеді.

"Біз Барселонаны Рамос Мингоның ісі бойынша сотқа береміз. Болған оқиға түсініксіз болды және өте жағымсыз әсер қалдырды. Бұл іс-әрекет бұрынғы басшылық Мингомен өте нашар қарым-қатынаста болған дегенге келтірді. Ол кезде оның агенті болды ма, жоқ па, білмеймін. Қазір біз "Барселонамен" соттасып жатырмыз, өйткені өз құқығымыз бар деп санаймыз. Біз біреудің дұрыс емес нәрсе жасағанын қаламаймыз. Бізді алдап кеткендей көрінді. Бұл ойыншының жоғары деңгейде ойнауына мүмкіндігі бар", - деді Амеаль Marca-ға берген сұхбатында.

Минго "Барселонаға" осы жылы ақпанда ауысып келген еді. "Барселона" мен футболшы арасындағы келісім 2022 жылға дейін есептелген.

Жарнама

Живи спортом!