Аргентина құрамасы Америка кубогінің жеңімпазы атанды

Сурет: Reuters©

Аргентина құрамасы Бразилияны жеңіп, Америка кубогінің жеңімпазы атанды, деп жазады Vesti.kz порталы. 

Рио-де-Жанейро қаласындағы Маракана стадионында өткен ойын 1:0 есебімен аяқталды. Кездесудегі жалғыз голды 22 минутта Родриго Де Паульдің пасынан кейін Анхель Ди Мария соқты. 

Осылайшай Аргентинаның капитаны Лионель Месси ұлттық құрамасымен бірге бірінші жүлдесін жеңді.

Еске салайық, Америка кубогінің қола жүлдесін Колумбия құрамасы алды. Олар үшінші орын үшін өткен матчта Перу құрамасын 3:2 есебімен жеңген болатын. 

 

Метки:
Жаңалықтар
2 желтоқсан 2022, 15:47
Әлем футболы
Емханаға түскен Пеле жағдайын айтты
2 желтоқсан 2022, 14:07
Әлем футболы
Жерар Пике мен Шакира ресми түрде ажырасты