Мировой футбол
2 тамыз 2021 18:42

Андрей Шевченко Украина құрамасының бас бапкерлік қызметінен не үшін кеткені белгілі болды

Сурет Украина футбол қауымдастығының сайтынан алынды.

Футболдан Украина құрамасының бас бапкері Андрей Шевченко қызметінен не үшін кеткені анықталды. 

"Чемпионат" басылымының ақпараты бойынша, Украина футбол қауымдастығы бас бапкерді орынында қалдырғысы келген. Бірақ жалақысын келісе алмаған. Шевченко жалақысын көбейтуді талап етіп, жаңа келісімшартқа қол қоюдан бас тартқан. Ол ескі келісімшарты бойынша жылына екі миллион доллар алады екен. 

1 тамыз күні Шевченко Украина футбол қауымдастығымен келісімшарты аяқталғанын хабарлады. Ол жанкүйерлерді, отандастарына және басшыларға алғыс айтып, қызметінен кететінін мәлімдеді. 

Айта кетейік, Шевченконың бастамасымен Украина құрамасы Еуропа чемпионатының ширек финалына дейін жетті. Ал топтық кезеңде үшінші орын алды. 

Андрей Шевченко - Украина құрамасының тізгінін 2016 жылдың шілдесінде ұстаған еді. Ал оның алдында бас бапкердің көмекшісі қызметін атқарған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport