Мировой футбол
26 наурыз 2018 11:17
 
Әлем чемпионатының добына танымал қақпашылардың көңілі толмайды

  Пікірлер

blog.share

Әлем чемпионатының добына танымал қақпашылардың көңілі толмайды

Спорт жанкүйерлері 4 жыл асыға күтетін додалардың бірі – футболдан әлем чемпионаты. Спорт жанкүйерлері ғана емес, футболшылар да бұл жарысты асыға күтетіні анық.

Ресейдегі әлем чемпионатының ресми добы "Telstar 2018" деп аталады. Допты "Adidas" фирмасы жасаған. Ерекше үлгідегі доп алты панель мен жапсарсыз үйлесім негізінде жасалған. 1970 жылы Мексикада өткен әлем чемпионатының добы да "Telstar" деп аталған екен.

Доптың тестілеу сынақтарына Аргентина, Колумбия және Мексика құрамалары мен "Манчестер Юнайтед", "Ювентус", "Реал" және "Аякс" клубтарының ойыншылары қатысқан. Ал допты Лионель Месси таныстырған болатын.

"Telstar 2018" футболшылар үшін ыңғайлы болғанмен, қақпашылар үшін ыңғайсыз көрінеді. Себебі әлемнің танымал қақпашылары бұл допты тосу қиын екенін алға тартуда. Олардың қатарында испандық қақпашылар Давид де Хеа мен Пепе Рейна және Германия құрамасының қақпашысы Марк Андре тер Штеген бар.

"Қақпашыларға бұл допты тосу қиын болады. Доп өте ыңғайсыз. Оны бұдан да жақсырақ қылып жасау керек еді", - дейді Де Хеа.

"Әлем чемпионаты кезінде бұл доппен кемінде 35 гол тура соққы жасаудан соғылатынына сенімдімін. Бұл доппен жаттығу жасаудың өзі қиын. Оның сырты жылтыр. Сондықтан ұстау қиын. Мұны әлем чемпионатына дейін қайта жасауы керек", - дейді Рейна.

"Әлем чемпионатының добы күшті болу керек. Ыңғайлы болғаны дұрыс. Бұған да енді үйрену керек. Басқа таңдау жоқ", - дейді Тер Штеген. Еске салайық, Ресейдегі әлем чемпионаты  биыл 14 маусым мен 15 шілде аралығында өтеді.

Жарнама

Живи спортом!