Ойын соңында футболшы жаңа командасындағы алғашқы матчы туралы ойымен бөлісті. "Алаңға оралдым-ау әйтеуір. Футболсыз өткізген алты ай мен үшін тым ұзаққа созылды. Маусым алдындағы жаттығудың уақыты келді", - деп жазды футболшы твиттер парақшасында.
Меркель "Аль-Фейсали" командасына 14 қыркүйек күні ауысқан еді. Жартылай қорғаушы жаңа командасымен бір жылға келісімшарт жасады.
Оның соңғы командасы "Хераклес" болды. Бұл команданың сапында Меркель 2018 жылдан бері ойнап, 25 кездесуде екі гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.
Сонымен қатар Меркель 2009-2011 жылдар аралығында "Милан" сапында ойнап, 6,5 миллион еуроға "Дженоа" қатарына ауысты. Нидерландылық командаға ауысарға дейін ол "Адмира", "Бохум", "Удинезе", "Пиза", "Грассхоппрес" және "Уотфорд" командаларында ойнаған.
2015 жылы жартылай қорғаушы Қазақстан құрамасында ойнауға келісім берді. Содан бері біздің ұлттық құрамамызда үш кездесуге қатысты.