Ағылшын біріншілігінде үшінші бапкер қызметінен босады
Рональд Куман. СУрет: goal.com
Ливерпульдік "Эвертон" клубының голландиялық бапкері Рональд Куман қызметінен кетті. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлайды.
54 жастағы Куман "Эвертон" тізгінін 2016 жылдың жазында ұстаған болатын. Оның бастамасымен клуб өткен жылы жетінші орынға жайғасты. Ал биылғы маусымда 18-орында келеді. Бірақ биыл клуб басшылары көрсеткішті жоғарылату үшін жаңа футболшыларға 158 миллион еуро жұмсаған болатын.
Ағылшындық басылымдардың мәліметі бойынша, Куманның орнына команданың тізгінін "Манчестер Юнайтедтің" бұрынғы бапкері Давид Мойес ұстауы мүмкін. Ол бұған дейін 2002 және 2013 жылдары клубтың бас бапкері қызметін атқарған.
Айта кетейік, Куман биылғы маусымда Ағылшын біріншілігінде қызметінен босаған үшінші бапкер. Бұған дейін жетінші турдан соң "Кристал Пэластың" бас бапкері Франк де Бур жұмысынан айырылса, кейін сегізінші турдан соң "Лестердің" бапкері Крэйг Шекспир қызметінен кетті.

Жарнама