Мировой футбол
12 қаңтар 2017 14:16
 

48 құрама. Қазақстан әлем чемпионатына қатысу үшін Азия аймағына қайта өту керек пе?

  Пікірлер

blog.share

48 құрама. Қазақстан әлем чемпионатына қатысу үшін Азия аймағына қайта өту керек пе? ©URA.Ru

Осы аптаның басында Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2026 жылдан бастап әлем чемпионатына 48 құраманың қатысатыны туралы хабар таратты. Бұл жаңа жобаны ФИФА кеңесіне мүше 33 өкіл де бір ауыздан қолдаған. Бұл жаңалық қазақ футболына не береді?

blog.share

Осы аптаның басында Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2026 жылдан бастап әлем чемпионатына 48 құраманың қатысатыны туралы хабар таратты. Бұл жаңа жобаны ФИФА кеңесіне мүше 33 өкіл де бір ауыздан қолдаған. Бұл жаңалық қазақ футболына не береді?

Бұл жаңалықты қазақ футболының жанкүйерлері үшін жағымды деп айтуға келмейді. Себебі, 2002 жылдан бастап Қазақстан Еуропа футбол қауымдастығының (УЕФА) мүшесі. Ал, ФИФА-ның жаңа ережесі бойынша Еуропа құрлығына небәрі 3 ғана қосымша жолдама беріліпті. Азия аймағының жолдамалараны 8-ге дейін (тағы бір қосымша жолдаманы CONCACAF аймағында өнер көрсететін командамен таласқа салады) өскен. Міне, осы Азия аймағына берілген жолдаманы көріп, бұрнағы күні жұртышылық Қазақстанды қайта Азия конференциясына өтуі мүмкін деген алып-қашпа әңгіме айтып жүр. Себебі, бұл жаңа ережемен бізге Еуропа аймағына қарағанда, Азия аймағынан әлем чемпионатына шығу әлдеқайда жеңіл болаймын деп тұр.

Бірақ, көпшіліктің мұндай пікірімен қазақстандық футбол маманы Ағаділдә Хасенов келіспейтінін айтады. «ФИФА-ның бұл жаңа ережесіне әркім әрқилы қарайды. Бірақ, шешім шығарылды. Енді тек бұл ережеге бағыну ғана қалды. Бұл уақыттың талабы болды. Әрине, 48 команда әлем чемпионаты үшін өте көп. Футболдың қызығы кетеді дегендерді де қолдаймын. Байқап қарасаңыздар, тек Африка, Азия аймағына ғана жолдама санын көбейіткен. Ал, осы ережеге байланысты Қазақстанның Азия аймағына өту деген әңгімемен мүлде келіспеймін. Қазір Азия футболы да ақырындап болса дамып келеді. Сондықтан ол жақта та қалпақпен ұрып алатын құрамалар аз. Одан да біз өз футболымызды дамытып, Еуропадағы мықты командаларға қарсы ойнап, шыңдалу керекпіз» - дейді маман.

Расында, маманның айтқан сөзімен толық келісуге болады. Өйткені, Азия аймағында Өзбекстан, Иран, Қатар және басқа да елдердің футболы қадамдап болмаса да, табандап дамып, тәуір көрсеткіш көрсетіп жүр. Қазақстанның Азияға аймағына ауысқанымен қазір оңай қарсыластар жоқ. Сол үшін де УЕФА қатарында қала бергеніміз жөн!

Көпшіліктің тағы бір сауалына жауап бере кетейік. 2026 жылдан бастап әлем чемпионатының өту жүйесі де басқа болмақ. Жарысқа 48 құрама 16 топқа үш-үштен бөлінеді. Әр топтан нәтижесі жақсы 2 құрама плей-офф кезеңіне шығады. Топтық турнирде тең ойындар тіпті алынып тасталуы ғажап емес, өйткені, жеңімпазды анықтау үшін қосымша көрсеткіштер де жеткілікті болмай қалуы мүмкін.

Қазір 32 финалист барлығы 64 ойын өткізіп жүрген болса, 48 құрама 80 кездесу өткізеді. Бірақ, финалға шыққан командалар үшін ойын саны бұрынғыдай болып қала береді, олар барлығы 7 кездесу өткізеді. Жарыс бір күнге ұзарады, яғни, 32 күн ішінде өтіп бітеді.

Әрине, ФИФА пайданың көбірек болуын нысанаға алып отыр. Бірақ кәнігі жанкүйерлер енді финалдық кезеңге шөп те, шөңге де шығып кетуі мүмкін екенінен секемденеді. 

   

 

 

Жарнама

Живи спортом!