25 жастағы ОАР құрамасының футболшысы жол апатынан қайтыс болды

Сурет: sundownsfc.co.za

Футболдан Оңтүстік Африка Республикасының 25 жастағы қорғаушысы Мотджека Мадиша жол апатынан қайтыс болды. Бұл туралы ОАР футболшылар одағының ресми сайты хабарлап отыр. 

"Футболшының отбасы мен туысқандарына қайғырып көңіл айтамыз", - делінген хабарламада. 

Kickoff.com басылымының ақпараты бойынша, Мадиша Йоханнесбург қаласының маңында Кемптон-Парк деген қалада жол апатына түскен. Онда футболшы өзі өнер көрсеткен "Мамелоди Сандаунз" командасының 50-жылдығын тойлауға барған. 

Айта кетейік, Мадиша оған дейін ОАР біріншілігінде ойнайтын "Хайлендс Парк" командасының намысын қорғаған. Ол 2018 жылдан бері ұлттық құрамасы сапында ойнап жүрген болатын. 

Бұған дейін қараша айында ОАР құрамасының бұрынғы футболшысы Анеле Нгцонгца да 34 жасында жол апатынан қайтыс болған еді. 


 

Метки:
Жаңалықтар
2 желтоқсан 2022, 15:47
Әлем футболы
Емханаға түскен Пеле жағдайын айтты
2 желтоқсан 2022, 14:07
Әлем футболы
Жерар Пике мен Шакира ресми түрде ажырасты