Аргентина банкнотасында Марадонаның суреті бейнеленуі мүмкін

Аргентиналық сенатор Норма Дюранго аты аңызға айналған футболшы Диего Марадонаның бейнесін 1000 аргентиналық песо банкнотасына орналастыруды ұсынды.

Дюранго жетекшілік ететін бастамашыл топ Марадонаның бейнесін банкнотаның бір жағына орналастыруды, ал екінші жағында Марадонаның әйгілі 1986 жылы әлем кубогының ширек финалында Англияға қарсы ойында соққан голын орналастыруды ұсынды.

«Идея біздің ел үшін маңызды адамға құрмет көрсету ғана емес, сонымен қатар экономикалық мәселеге қатысты. Аргентинаға келген туристер өздерімен бірге Марадонаның бір бөлігін алып кеткілері келеді деп ойлаймыз», - деп келтіреді Reuters Дюрангоның сөзін.

Марадона 25 қарашада 60 жасында жүрегі тоқтап қалғандықтан қайтыс болған еді.
Метки:
Жаңалықтар
2 желтоқсан 2022, 15:47
Әлем футболы
Емханаға түскен Пеле жағдайын айтты
2 желтоқсан 2022, 14:07
Әлем футболы
Жерар Пике мен Шакира ресми түрде ажырасты