"Тек жеңіс үшін ойнайтын боламыз" Қазақстан құрамасының ойыншысы Испанияға қарсы матч туралы ойымен бөлісті
©:uefa.com
Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Александр Довгань Vesti.kz порталының тілшісіне Еуропа біріншілігінің жартылай финалында Испанияға қарсы өтетін ойын туралы пікірімен бөлісті.
- Александр, жартылай финалға шығуларыңызбен құттықтаймыз! Шамалы артқа шегініп, Сербияға қарсы өткен ойын туралы айтып берсеңіз. Мұндай мықты қарсыласты қалай жеңдіңіздер?
- Мінездің арқасында. Барлық жігіттердің жеңіске деген құштарлығының арқасында. Құраманың ойыншыларының барлығы да жақсы дайындықпен шықты.
- Алда Испания күтіп тұр. Бұл ойын туралы не айта аласыз?
- Испанияны барлығы фоварит санап отыр. Бұл құрамамен біз бұған дейін де бірнеше рет кездестік. Енді жеңу керекпіз. Өткен Еуропа біріншілігінің жартылай финалында Игита ойнамады. Ал қазір ол қатарда. Иә, Испания құрамасында мықты ойыншылар өте көп. Бірақ олар өткен Еуропа біріншілігіндегідей мықты емес. Сондықтан тек жеңіс үшін ойнайтын боламыз.
- Екінші жартылай финалда Португалия мен Ресей құрамалары кездеседі. Бұл ойында кімнің жеңгенін қалайсыз?
- Ресейдің. Португалияны біз жеңгенбіз. Ресейді әлі жеңген жоқпыз. Әрине, олар да чемпион болғысы келеді ... Осы уақытқа дейін бірнеше рет финалда ойнаған. Бірақ барлығында жеңіліп қалды.
Испания құрамасына қарсы кездесу Қазақстанда 9-ақпанға өткен түні болады. Ал бұл күні Довганьнің туған күні. Туған күніне ол бір ғана сыйлық күтетінін айтты.
- Біз Қазақстан уақыты бойынша менің туған күнімде ойнаймыз. Осыдан екі жыл бұрын менің туған күнімде біз 1/4 финалда Италияны жеңгенім есімде. Бұл менің өмірімдегі ең керемет туған күнім болды. Сондықтан да команда да мен де менің туған күніме керемет сыйлық жасаймыз деген сенімдемін, - деді Довгань
Еске салайық, футзалдан Қазақстан және Испания арасындағы Еуропа біріншілігінің жартылай финал ойыны бүгін түнде, Астана уақытымен 02:00-де басталады. Кездесуді "Хабар" арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Жарнама