Тарих! Қазақстан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

©

Қазақстан құрамасы футзалдан әлем чемпионатының ширек финал матчында Иран құрамасын 3:2 есебімен ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

Бірінші таймда Қазақстан құрамасы сәтсіз ойнап, 2:0 есебімен ұтылып қалды. 8-минутта Мослем Оладгобад ирандықтарды алға шығарды. Ал 15-минутта Ахмед Эсмаилпур есепті еселеді.

Бірақ екінші таймда отандастарымыз жеңіске деген күш-жігер тауып, 3 гол соғып жартылай финалға шықты.

Кездесудің 25-минутындағы үзілістен кейін Иран қақпашысы Алиреза Самими өз қақпасына гол соқты. Ал 29-минутта қазақстандық шабуылшы Арнольд Кнауб есепті теңестірді. Ал 39-минутта Тайнан жеңіс голын соқты.

Жартылай финалда Қазақстан құрамасы Португалиямен кездеседі.  

Еске салайық, жартылай финалистердің тағы бір жұбы Бразилия мен Аргентина құрамалары болды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Показать комментарии
Жаңалықтар