Футзалдан Қазақстан құрамасы Ақтаудағы жолдастық матчта Әзірбайжан командасын ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Кака шәкірттері Қап тауының өкілдерінен қатарынан екінші рет басым түсіп отыр. Каспий жағалауындағы тартысты матч 6:5 нәтижесімен аяқталды. Алдымен капитан Шыңғыс Есенаманов есеп ашса, артынша қонақтар қатарынан 3 гол соғып кетті. Альберт Ақбалықов пенальтиден есеп айырмасын қысқарта алды. Содан кейін Есенаманов таразы басын теңестіріп кетті.
Алайда Әзірбайжан құрамасы тағы да 2 гол салды. Бірақ Тайнан дубль авторы атанып, матч соңына қарай қарсылас ойыншысы Курдов қателік жіберді. Нәтижесінде гол Альберт Ақбалықовтың еншісіне жазылды.
Бұл ойында бас бапкер жас ойыншыларға көбірек мүмкіндік берді. Кездесудің бірінші таймында Қазақстан құрамасының қақпасын Ақжол Қайратұлы күзетсе, үзілістен кейін Нарун Серіковке мүмкіндік берілді.
Еске салайық, бір күн бұрын қазақстандық футзалшылар Әзірбайжан командасынан 0:2 есебімен ұтылып жатып, 5:3 нәтижесімен жеңіске жетті.