Сарапшы "Қайраттың" жеңісіне не себеп болғанын айтты

Фото: АФК "Кайрат"

Алматылық "Қайраттың" португалиялық "Бенфикадан" басым түскен ойыны тартысты әрі жеңіс те күтпеген жерден болды. Мұндай пікірді Vesti.kz тілшісімен болған сұхбатта   Futsalfeed.com сарапшысы Оливье Милошевич білдірді. Маман қазақстандық клуб негізгі қақпашысы Игитаның орнына өнер көрсеткен 19 жастағы Нарун Серіковтың ойынын ерекше атап өтті. 

"Бұл өте қызықты матч болды. Қазақстандық клуб өте қиын жағдайда жеңіске қол жеткізді. Екінші таймда олар өз көшбасшысы Игитадан айырылды. Алайда, екінші қақпашы ойынға оңай ілесіп кетті. Ол жеңістің бір кепілі болған көптеген сейвтар жасады. Ал овертаймда "Қайрат" қарсы шабуылдарды шебер жасай білді. Ойын жанкүйерлердің көңілінен шығатындай көрнекі болды. "Барселона" командасына қарсы болатын келесі ойын Игитасыз қиын болатын шығар, бірақ жеңіске жетуге мүмкіндік әрдайым бар" - дейді Милошевич.

Кеше, 28 сәуір күні "Қайрат" 1/4 финалда португалиялық "Бенфиканы" 6:2 есебімен жеңді. Жартылай финалда алматылықтар "Барселона" клубына қарсы ойнайды. Ойын 1 мамыр күні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 22:00 басталады.  

Естеріңізге сала кетейік, "Қайрат" осыған дейін "Барселона" командасын 2013, 2015 және 2019 жылдардағы жартылай финал ойындарында жеңген болатын.

Метки:
Жаңалықтар