Португалия құрамасы Еуро-2022 турнирінің жартылай финалына шықты

©uefa

Португалия құрамасы футзалдан Еуро-2022 турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Ширек финал аясында Финляндия ойыншыларымен кездескен пиренейліктер Амстердамда 3:2 есебін тіркеді.

Соңғы Еуропа біріншілігінің чемпиондары сапында Афонсу Жезуш (4, 15-минут) және Мигел Анжелу (30) гол соқса, "суоми" тарапынан Мийка Хосио (10-минут) мен Пану Аутио (27) ерекшеленді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар