Футзал
27 қыркүйек 12:54
 
Португалия Қазақстанмен матчке дейін сегіз жыл бойы ұтылып көрмеген екен

  Пікірлер

blog.share

Португалия Қазақстанмен матчке дейін сегіз жыл бойы ұтылып көрмеген екен ©instagram.com/kff_team_futsal

Футзалдан Португалия ұлттық құрамасының 8 жылға жалғасқан жеңіліссіз ойындар сериясы аяқталды. Оларды Өзбекстандағы әлем чемпионатының ширек финалында Қазақстан құрамасы тоқтатты, деп хабарлайды msports.kz сайты. 

Португалия құрамасы бұған дейін 2016 жылы өткен Әлем чемпионатының жартылай финалында ғана Аргентинадан 2:5 есебімен ұтылған. Одан бергі аралықта әлем және Еуропа чемпионы атанды. 38 ойын қатарынан жеңілістің кермек дәмін татпаған. 

"Уау, футзалдан әлем чемпионатындағы тамаша күн! Қазақстан әлем чемпионы атағына ие Португалияны ұтып, 2021 жылғы жартылай финалдағы есесін қайтарды. Соңғы секундта драмалық жеңіліске ұшыраған Португалия құрамасының 2016 жылдан бері 38 матчқа созылған жеңіліссіз ойындар сериясы тоқтады", - деп жазды The Guardian журналисі Джейми Фэхи. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!