Өзбекстанға қарсы ойнайтын Қазақстанның құрамы жарияланды

©ҚФФ

Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикардо Кака 14-15 желтоқсан күндері Өзбекстанмен өтетін ойынға шақырылған футболшылар тізімін жариялады. 

Футзалдан Қазақстан құрамасы:

Қақпашылар: Игита ("Қайрат"), Рауан Атантаев ("Нұр-Сұлтан");

Алаңдағы ойыншылар: Біржан Оразов, Шыңғыс Есенаманов, Альберт Ақбалықов, Дуглас (барлығы  – "Қайрат"), Тайнан ("Эль-Посо", Испания), Арнольд Кнауб ("Динамо Самара", Ресей), Нұрбек Қарағұлов ("Ақтөбе"), Жомарт Тоқаев, Болат Сарбасов (екеуі де - "Атырау"), Ерсұлтан Сағындықов ("Бәйтерек"), Ринат Төреғазин ("Аят",) Ғазиз Нағашыбай ("Рахмет");

Жаттықтырушылар штабы: Рикардо Кака – бас бапкер, Сергей Коридзе – бас бапкердің көмекшісі, Луиз Энрике Де Соуза Карриольо Круз – дене даярлығы жаттықтырушысы, Тьяго Дуарте Вийера – физиотерапевт.

Ойын кестесі:

14 желтоқсан. Жолдастық матч. Қазақстан - Өзбекстан. Нұр-Сұлтан. Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы. Басталуы - 19:00.

15 желтоқсан. Жолдастық матч. Қазақстан - Өзбекстан. Нұр-Сұлтан. Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы. Басталуы - 19:00.

Санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сай Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайына жиналатын жанкүйерлердің саны 50 пайыздан аспайды. Әр ойынға сатылымға шыққан билеттердің саны – 1300. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар