Отшашудан көрінбей қалды. "Ақтөбе" – "Қайрат" матчында жанкүйерлер пиротехника қолданды

©diapazon

"Ақтөбе" мен "Қайрат" арасындағы Қазақстан чемпионатының кезекті турында жанкүйерлер пиротехника қолданды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Ойын қорытындысы бойынша Алматының ұжымы 6:1 есебімен жеңіске жетті. Матч барысында жергілікті жанкүйерлер отшашып, стадион ішін көк түтінге толтырды. Ал кездесу аяқталған соң тіпті паркет ішіне футзалшылармен суретке түсу үшін шығып кетті. Сонымен қатар, трибунада отырған жанкүйерлер қонақ команда ойыншыларына балағат сөздер айтқан.

Еске салайық, қос ұжым арасындағы 9 және 10-тур нәтижесі 2:2 есебімен аяқталды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар