"Оның мұрасы мәңгілік". Шетелдік БАҚ футзалдан Қазақстан құрамасының қақпашысы туралы

Игита. Сурет: УЕФА©
Futsalzoneindonesia.com порталы футзалдан Қазақстан құарамасы мен "Қайрат" командасының қақпашысы Игита туралы материал жариялады. Мақала авторы, қазақстандық ойыншы бұл спортқа өзгешелік алып келгенін атап өтті.

"Игита сияқты қақпашы не істейтінін болжау қиын. Ол матч, қарсылас пен жағдайға қарамастан өз стилінде ойнайды. Оның бірнеше тәсілі бар. Бір ғана әдіспен шектелмеген, мұнысы қарсыласына қиындық туғызады. Өзіне тиесілі төрт секундты жақсы пайдалана біледі. Барлық жағынан басымдығы бар.

Лео футзал әлеміне өзгеше сипат берді, әсіресе Еуропада. Ол Мануэль Нойердай - Игита қақапашылар шабуылды тойтару үшін ғана керек деген көпшіліктің ойын өзгертті. Сондықтан бірнеше жылда алаңда ойнайтын қақпашылар көбейсе таңқалмаңыздар.

Қақапашы үшін ол әлі айтарлықтай жас, осыған байланысты Игита сиқыры футзал жанкүйерлерін әлі бес-алты жыл баурайды. Футзалда оның мұрасы мәңгілік". 
Метки:
Жаңалықтар