"Мен жартылай қазақ болып кеткенмін". Игита әлем чемпионаты туралы ойымен бөлісті

©ҚФФ

Футзалдан Қазақстан құрамасының қақпашысы 2021 жылғы Литва елінде өткен әлем чемпионаты туралы ойымен бөлісті. Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында ол команда ішінде атмосфера жайлы және Португалия құрамасынан пенальти сериясынан жеңілген сәтті әлі ұмыта алмай жүргенін айтты. 

- Литвадағы әлем чемпионаты туралы айтып берсеңіз ...

- Әлем чемпионаты біз үшін жақсы өтті. Бірақ әттеген-ай дейтін сәттер де болды. Жанкүйерлер бізді жақсы қолдады. Елге оралғанымызда да керем күтіп алды. Барлық жанкүйерлерге алғыс айтамын. Мен жанкүйерлердің энергиясына сенемін. Сіз біздерге көп күш бердіңіздер. Енді демалу керек. Біз өз жұмысымызды жақсы атқардық. Үнемі жеңіске жетіп, қазақ жанкүйерлерін қуанту үшін жұмыс істейміз.

- Әлеуметтік желіге қарап отырдыңыз ба? 

- Иә, ойыннан, жаттығудан тыс кездері кіремін. Әлем чемпионаты кезінде қызық сәттер көп болды. Тіпті кейбірі TikTok пен Instagram желілерінде көп тарады. Менің айтқаным, командамыздың директоры Асқар Әбілдаевтің (әруақ - ред.) және Каканың тайм-аутта айтқан сөздері. 

- Елімізде футзалға деген қызығушылық қатты өсті. Мұны сіз байқадыңыз ба?

- Қазақстанда соңғы бес жылда футзал өсіп жатыр. Бірақ әлем чемпионатынан кейін "бумның" болары анық. Жаңа мектептер ашылады. Турнирлер көп өтеді енді. 

- Бразилиямен өткен ойын сіз үшін ерекше болған шығар. Ойыннан кейін қарсылас ойыншылармен сөйлесе алдыңыз ба?

- Иә. Мен жартылай бразилиялықпын. Жартылай қазақ болып кеткенмін. Бразилия құрамасында менің достарым бар. Олардың барлығы Қазақстанның мықты ұжым екенін айтты. Тіпті қиын қарсылас деді. Олар бізден қорықты. Ойын соңында оны да айтты. Мен де оларды құттықтадым. Негізі Бразилия алтын алғысы келді. Біз де бірінші орынды қаладық. Алайда Португалиядан жеңілдік. Мен бұл ойынды әлі ұмытпадым. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар