Футзал
25 қыркүйек 09:30

"Масқара, боққа лақтырды". Қазақстан құрамасының бапкері ӘЧ-дегі "келеңсіздік" жайлы

©kff.kz

Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикардо Кака Әндіжандағы Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі Иран мен Франция арасындағы "біртүрлі" матчке қатысты ойын айтты. 

- Франция-Иран матчіне қатысты сұрамасам болмайды. Басқа команда ойыншылары да бұл туралы кері пікірде.

- Бұл масқара. Мен үшін сұмдық, мен бүкіл өмірімді футзалға арнадым. Футзалмен өмір сүремін, сол үшін күресіп келеміз. Ал олар футзалды бір-ақ күнде боққа лақтырды. Мұны бүкіл әлем көрді. Бұл масқара. Бұл менің жеке пікірім. 

Еске салайық, Франция мен Иран құрамалары топтағы бірінші орын үшін ойнады. Алайда франциялықтар матчта белсенділік танытпай, сылбыр жүрді. Қақпашы голдарды қайтаруға барын салып ұмтылмады. Тіпті бір сәтте допты қайтаруға қимыл да жасамай, гол өткізді.

Себеп - бұл топта бірінші орын алған құрама 1/8 финалда Мароккомен кездеседі. Ал одан өтсе Бразилия – Коста-Рика арасындағы ойынның жеңімпазымен кездеседі. Франция бұл жолды таңдамай, оңай қарсыластармен ойнау үшін Иранға қарсы күш салмаған сияқты. 

Осылай ұтылған франциялықтар Тайландқа қарсылас болды. Оны ұтса Парагвай – Ауғанстан құрамалары арасындағы матч жеңімпазымен кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport