"Маңызды матчта шарасыз қалдық". Италия құрамасының капитаны Қазақстанмен ойын жайлы

©futsalua

Футзалдан Италия құрамасының капитаны Алекс Мерлим Еуропа чемпионатында Қазақстан командасынан не себепті ұтылғанын (4:1) түсіндірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі УЕФА-ның ресми сайтына сілтеме жасап.

"Өкінішке қарай жоспарымызды жүзеге асыра алмадық. Әсіресе екінші таймда таразы басын 2:2 жеткізуіміз керек еді. Алайда қақпамызға үшінші голды өткізіп алдық. Тіпті паркетке бесінші ойыншыны да шығарып көрдік. Бірақ мұндай жоғары деңгейдегі маңызды матчта шарасыз қалдық. Шынымды айтсам қарсыласты ұтуға шамамыз жетпеді", - дейді Мерлим.

Еске салайық, Еуро-2022 турнирінде Қазақстан құрамасы В тобында 7 ұпай еншіледі. Енді 31 қаңтар күні Кака жігіттері А тобында екінші орын алған Украина футзалшыларымен ширек финалда кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар