Маман Қазақстан құрамасы футзалдан әлем чемпионатында "тосынсый" жасайтынын айтты

©ҚФФ

Испаниялық Marca  газетінің тілшісі Хуанма Родригес Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында Қазақстанды футзалдан әлем чемпионатында ең үздік команда деп атады. Сондай-ақ, тілші Қазақстан құрамасының ойыны туралы айтты. 

"Әлем чемпионаты өте қызық өтуде. Көпшілік күткендей Бразилия мен Аргентина құрамасы жартылай финалға шықты. Енді екінші жартылай финалдың жұбы бүгін анықталады. Португалия мен Испания арасындағы кездесу қызық болайын деп тұр. Бұл кездесуде жеңіске жеткен команда Қазақстан мен Иран арасындағы жеңімпазға түседі. Соңғы жұп осы әлем чемпионатындағы ең осал ұжым секілді. Бірақ бұл екі құрамадан тосын сый күтуге болады. Қазақстан мен Иранның деңгейі бірдей. Дегенмен аталған екі құрама жартылай финалдан ары қарай шыға алмайды деп ойлаймын. Бразилия, Аргентина, Португалия және Испания басқа деңгейдегі командалар. Алайда бір сенсация болуы ықтимал. Жеке өз басым, Қазақстан көпшіліктің таңғалдырады деп ойлаймын" - деді Родригес. 

Айта кетейік, Иран мен Қазақстан құрамалары арасындағы кездесу бүгін болады. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-де басталады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар