ҚФФ Қазақстан қатысатын Еуропа чемпионатын шегеруге байланысты пікір білдірді
Қазақстан футбол федерациясы футзал департаментінің директоры Асқар Әбілдаев Vesti.kz тілшісіне Қазақстан құрамасы қатысатын футзалдан Еуропа чемпионатының кейінге шегерілуіне байланысты пікір білдірді.
Қазақстан футбол федерациясы футзал департаментінің директоры Асқар Әбілдаев Vesti.kz тілшісіне Қазақстан құрамасы қатысатын футзалдан Еуропа чемпионатының кейінге шегерілуіне байланысты пікір білдірді.
Еске салайық, бұған дейін Еуропа чемпионаты кейінге шегерілуі мүмкін деген ақпарат шыққан еді. Оған себеп Нидерланды елінде коронавирус індетінің өршіп кетуі болып тұр.
"Шынымды айтсам, бізде де әлі нақты ақпарат жоқ. УЕФА Нидерланды елінің басшылары мен денсаулық сақтау министрлігімен байланыста отыр. Бұл елде 15 қаңтарға дейін локдаун жарияланды. Турнир туралы нақты ақпарат 10 қаңтарға шығып қалатын шығар. Біз қалай болғанда да бұл ойынға жоспар бойынша дайындаламыз. 3 қаңтар күні алғашқы жиын болады.
Бірінші дайындық Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Содан соң Киевке ұшып, екі жолдастық кездесу өткіземіз. Егер барлығы ойдағыдай болса, біз ары қарай Нидерландыға ұшамыз", - деді Әбілдаев.
Айта кетейік, Еуро-2022 турнирі 19 қаңтар мен 6 ақпан аралығында Амстердам мен Гронинген (Нидерланды) қалаларында өтуі керек. Топтық кезеңде Қазақстан құрамасының қарсыластары Италия, Словения және Финляндия құрамалары болады.
Жарнама