auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Кемі финалға жетеді". Белгілі футзалшының Еуропа чемпионатындағы Қазақстанға қатысты болжамы

"Кемі финалға жетеді". Белгілі футзалшының Еуропа чемпионатындағы Қазақстанға қатысты болжамы
©ҚФФ

Бүгін, қаңтар айының 20 жұлдызы футзалдан Қазақстан ойыншылары Еуропа чемпионатындағы алғашқы ойынын өткізеді. Жерлестеріміздің аталмыш турнирдегі қарсыласы Словения командасы атанбақ. Осы орайда Қазақстан құрамасының экс-шабуылшысы, айып алаңының патшасы атанған қазақ футзалының аңызы Серік Жаманқұлов Нидерландыдағы кәрі құрлық додасында Қазақстан құрамасы финалға дейін барады деген пікір білдірді. Бұл туралы Еуропа біріншілігінің қола жүлдегері Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында айтып берді.

- Серік мырза, Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының тобында Словения, Италия және Финляндия командаларымен кездеседі. Жігіттеріміздің қарсыластары жайлы не айтасыз?

- Словения құрамасы алып денелі ойыншылардан құралған команда. Финляндияны футзал әлемінде топ ұжымдардың қатарына қоса алмаймын. Дегенмен олар Еуропа чемпионатына жолдама алып отыр. Турнирге қатысатын командаларды көбейтіп жатқандықтан, финндер де қатысуға мүмкіндік алып отыр. Жалпы "суоми" құрамасын есептен шығармаумыз керек. Демек олар да бұл жарысқа жақсылап тұрып дайындалып келген. Италия футзалшылары кәрі құрлықта мықтылардың арасына кіреді. 2014 жылы Еуропа чемпионы атанған. Ол елдің ішкі чемпионаты жақсы дамыған. Балалар арасында ұйымдастырылатын біріншілігі бар. Сондықтан итальяндықтар жақсы жасақталған.

- Жуырда Эдсон Қазақстан азаматтығын алды. Жалпы шетелдік ойыншылардың ұлттық құрамада ойнауына қалай қарайсыз?

- Шетелдік ойыншы сөзсіз ұлттық құраманы күшейтеді. Ол белгілі жағдай. Бәрін емес, тек мықтыларды ғана таңдайтыны түсінікті. Эдсон да Қазақстан құрамасына көмектесетінін білемін. Бірақ өз басым өзге елдің ойыншыларын біздің құрамаға тартуына қарсымын. Әрине натурализацияның арқасында командамыздың деңгейі өсті ғой. Шетелдіктердің көмегі көп тиді. Алайда 4-5 ойыншы болып көбейіп бара жатыр. Қазір жағдай соған итермелеп тұр. Сол үшін қазірден бастап балалар мектебіне көңіл бөлуіміз керек. Негізгі құрамға жастардан құралған команданы қазірден бастап дайындауымыз қажет. Әрбір кәсіби клуб балалар футзалына мән берсе екен деген ойым бар. Сонда ғана біз сырттан ойыншы алдырмайтын күнге жетеміз.

- Литвадағы мундиальдан кейін жанкүйерлер біздің командадан жүлде күтеді. Сіздің болжамыңызша қазақ құрамасы қай жерге дейін жетуі мүмкін? 

- Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы үлкен жетістікке жетті. Керемет ойындар көрсетті. Барша жанкүйер қауымды қуанышқа бөледі. Осы орайда жігіттерге алғысымды білдіремін. Әр спортта жетістікке жету қиын ғой жалпы. Ал сол жетістікті ұстап қалу, сол деңгейде жүру одан да қиын деп бекер айтпайды. Қазір менің ойымша барша қазақстандық жанкүйерлер, оның ішінде мен де бармын – Қазақстан құрамасын Еуропа чемпионатының алғашқы төрттігінде көргіміз келеді. Себебі соңғы екі еурода төртікте болғанбыз. Басты командада қандай жоспар қойғанын білмеймін. Жеке өз басым біздің команда кем дегенде финалға дейін шығады деп ойлаймын.

Еске салайық, Нидерландыдағы футзал тойында Қазақстан құрамасы Словения, Италия және Финляндия футзалшыларымен кездеседі. 

Серік Жаманқұлов ойыншы кезінде 2016 жылы Сербиядағы Еуропа чемпионатында Қазақстан құрамасымен бірге қола жүлде иеленді. Аңыз ойыншы сол турнирде үздік сұрмергендер (6 гол) қатарында болды. Сонымен қатар, ол "Қайрат" сапында УЕФА Кубогінің (Футболдағы Чемпиондар Лигасының аналогі) екі дүркін жеңімпазы атанды. Ұлттық құрамада өткізген 59 матчта 22 гол соққан.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама