Футзал
21 қыркүйек 2021 17:53

"Кедергі көріп тұрғаным жоқ". Маман футзалдан Қазақстан құрамасының алдағы ойынына қатысты мәлімдеме жасады

© Сурет: ҚФФ

Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалында Тайландқа қарсы болатын ойында фаворит.  Бұл пікірді Vesti.kz тілшісімен болған әңгіме барысында Futsalfeed.com порталының шолушысы Оливье Милошевич білдірді. Маман команданың мықты тұстарына тоқталып өтті. 

"Қазақстан құрамасының ойыншылар құрамы өте жақсы. Барлық ойыншылар сапалы, ал Игита - ең мықты қақпашы. Өз топтарында жеңіске жететіндері оңай белгілі болды. Тайландпен болатын кездесуде, Қазақстан анық фаворит. Дәрежелері екі түрлі құрамалар десем де болады. Қазақстанның жеңіске жетуіне еш кедергі көріп тұрғаным жоқ және жүлдеге таласуға қауқары жететініне сенемін", - дейді Милошевич. 

Естеріңізге сала кетейік, топтық кезеңде Қазақстан 6:1 есебімен Коста-Риканы ойсырата жеңіп, кейін Литваны 3:0 есебімен шаң қаптырса, соңғы ойында Венесуэламен 1:1 есебімен тең түсті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport