Футзал
10 тамыз 2021 21:31
 

Қазақстандық ойыншы германиялық клубқа ауыса алмай қалды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық ойыншы германиялық клубқа ауыса алмай қалды Сурет футзалшының әлеуметтік желісінен алынды.

Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Арнольд Кнауб Дюссельдорф қаласының "Фортуна" командасына ауыса алмады. Бұл туралы "Тень отца Гурмана" телеграм-каналы хабарлады. 

blog.share

Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Арнольд Кнауб Дюссельдорф қаласының "Фортуна" командасына ауыса алмады. Бұл туралы "Тень отца Гурмана" телеграм-каналы хабарлады. 

"Кнауб Қазақстаннан шығып, Германия біріншілігінде ойнаған футзалшы атана алмады. Бұған негізі Дюссельдорф қаласының "Фортуна" командасы кінәлі. Негізі Арнольд бұл командамен келісімшарт жазып қойып еді. Тіпті бірінші жалақысын да алды. Ол жағдай қаңтарда болған.

Бірақ кейін коронавирусқа байланысты қазақстандық футзалшы Германияға бара алмады. 

Сөйтіп, Кнауб биыл жазда "Фортуна" сапына қосылуы керек болған. Алайда сол вирусқа байланысты команданың бюджеті қысқарып, жаңа ойыншы сатып алуға мүмкіндігі болмады. Ал Арнольдқа команда жаңа ұсыныста жалақысын екі есе қысқартқан. Дегенмен бұл ұсынысқа Арнольд келіспеді. 

Шамасы енді Кнауб алдағы маусымды Қазақстанда өткізетін шығар", - деп жазады дереккөз. 

Айта кетейік, 26 жастағы Кнауб қарағандылық "Тұлпар" командасының тәлімгері. Қазақстан біріншілігінде ол "Жетісу" және "Ақтөбе" командаларының намысын қорғаған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!