Футзал
Бүгін 13:17
 

Қазақстандық клуб Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне мерзімінен бұрын өтті

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық клуб Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне мерзімінен бұрын өтті ©"Семей" ФК

"Семей" футзалдан Чемпиондар лигасының 2026/27 жылғы маусымындағы плей-офф кезеңіне мерзімінен бұрын жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

"Семей" футзалдан Чемпиондар лигасының 2026/27 жылғы маусымындағы плей-офф кезеңіне мерзімінен бұрын жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық клубқа Чемпиондар лигасының 1/8 финалына шығуға топтағы қарсыластары көмектесті. Екінші турда швейцариялық "Минерва" словакиялық "Лученецті" 4:3 есебімен ұтты.

Екі турдан кейін топта алты ұпаймен "Барселона" көш бастап тұр. Каталониялық клуб бір күн бұрын қазақстандық команданы 6:1 есебімен ойсырата ұтқан еді. "Семей" мен "Минерва" еншісінде үш ұпайдан бар, ал "Лученец" әзірге ұпай жинаған жоқ.

Жарыс ережесіне сәйкес, А жолындағы әр топтан үздік үш команда плей-оффқа өтеді. Соңғы турда "Лученец" "Барселонаны" ұтқан күннің өзінде, ұпай саны бойынша "Семеймен" тең теңесе алады. Алайда қазақстандық клуб жеке кездесудегі 6:0 есебімен жеңісінің арқасында қарсыласынан жоғары тұрады. Яғни, ұпай саны тең болған жағдайда, ең алдымен өзара кездесулердің нәтижесі ескеріледі.

Осылайша, 31 қазанда "Семей" мен "Минерва" топтағы екінші орын үшін таласады. Доп айырмасы жақсы болғандықтан, қазақстандық клубқа тең ойын да жеткілікті.

Топта екінші орын алған команда Чемпиондар лигасының 1/8 финалында рейтигі жоғары клуб мәртебесіне ие болады. Бұл жағдайда оның қарсыласы А жолындағы топтардың бірінде үшінші орын алған команда немесе В жолындағы топ жеңімпазы болады. Ал үшінші орын алған жағдайда "Семей" А жолындағы топтардың бірінің үздік екі командасының бірімен кездеседі.

1/8 және ширек финал кезеңдерінің жеребесі 4 қарашада тартылады. 1/8 финалдың алғашқы ойындары 23 қарашаға, ал қарымта кездесулер 4 желтоқсанға жоспарланған.

Айта кетейік, Чемпиондар лигасында Қазақстанның тағы бір клубы - алматылық "Қайрат" та өнер көрсетіп жатыр. Ол да турнирдің плей-офф кезеңіне мерзімінен бұрын жолдама алды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!