Команданың бұрынғы бапкерлері жаңа маманның бастамасымен бірге жұмыс істей беретін болады.
Кабеса өз отанында балалардың бапкері ретінде жақсы танымал. Көпшілік оны Бразилия жеріндегі ең мықты жастардың бапкері деп атайды. Бұл бапкер ересектер командасында жаттықтырған. Осы дүниелерге қарап, "Аят" командасының басшылары маманды командаға шақырған да көрінеді.
Айта кетейік, "Аят" қазіргі уақытта ішкі біріншілікте 23 кездесуге қатысып, 34 ұпай жинап, төртінші орында келеді.