Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы Игита өз жанкүйерлеріне үндеу жасады, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
"Мен Қазақстанды биікке көтеру үшін бәрін істеймін! Өте маңызды маусым және өте үлкен жауапкершілік!", - деп жазды Леонардо де Мело Виейра Лейте Instagram-дағы парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы 12 қыркүйек пен 3 қазан аралығында өтетін әлем чемпионатына дайындық үстінде. Алғашқы оқу-жаттығу жиыны 15 тамызға дейін Алматыда өтеді. Одан кейін Кака шәкірттері жолдастық кездесулер өткізуді жоспарлап отыр. Қазақстан әлем чемпионатының топтық кезеңде Литва, Коста-Рика және Венесуэла құрамаларына қарсы алаңға шығады.