Қазақстан Венесуэламен тең түсіп, плей-офф кезеңіне бірінші орынмен шықты

©ҚФФ

Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты топтық кезеңінің соңғы матчында Венесуэламен тең түсті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Ойын 1:1 есебімен аяқталды. Бірінші таймда қазақстандықтар сапынан Дуглас гол салып, есеп ашқан. Бұл есеп ойын бойы сақталып тұрды. Тек кездесудің аяқталуына 11 секунд қалғанда Венесуэла құрамасы таразы басын теңестіріп кетті.

Осы матчтан кейін 7 ұпай жинаған Қазақстан құрамасы топта бірінші орында. Дәл осынша ұпайы бар Венесуэла екінші орынмен 1/8 финалға жолдама алды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар