Қазақстан мен Бразилия матчтына тікелей трансляция

©kff.kz

Бүгін, 3 қазанда футзалдан Қазақстан мен Бразилия құрамасы Литвада өтіп жатқан әлем чемпионатының үшінші орнына таласады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Бразилия командасы топтық кезеңде Вьетнам, Чехия, Панама футзалшыларын оңай ұтса, 1/8 финалда Жапониядан 4:2 есебімен басым түсті. Сонымен қатар, 1/4 финалда Мароккомен кездесіп, 1:0 нәтижесін тіркеді. Тек жартылай финалда Оңтүстік Америка құрлығындағы тұрақты қарсыласы Аргентинаға есе жіберді.

Ал Кака шәкірттері өз тобында Литва және Коста-Рика құрамаларын ірі есеппен ұтып, Венесуэламен тең түсті. Турнирдің 1/8 финалында Тайланд командасына жауапсыз жеті гол соқса, ширек финалда Иран ойыншыларын үйіне қайтарды. Өкінішке қарай, финалға берілетін маңызды матчта Португалия құрамасына пенальти сериясында есе жіберді.

Қазақстан мен Бразилия арасындағы ойынды елорда уақытымен 21:00-де Қазақстан ұлттық телеарнасының тікелей эфирінен және арнаның ресми сайтынан тамашалай аласыздар.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар