Қазақстан мен Әзірбайжан матчының не себепті бірнеше минутқа тоқтағаны белгілі

©ҚФФ

Футзалдан Қазақстан мен Әзірбайжан құрамалары арасындағы ойынның не себепті бірнеше минутқа тоқтағаны белгілі болды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Бірінші таймның ортасында команданың экс-көшбасшысы Дінмұхамбет Сүлейменовтың спорттық карьерасын аяқтауына орай ойын тоқтады.

41 жастағы футзалшы осыған дейін құрама сапында 99 матч өткізген. Ал 19 қыркүйек күні белгілі ойыншы еліміздің басты командасында тағы бір кездесуде паркетке шықты. Салтанатты іс-шарада Сүлейменов көз жасына ерік берді.  

Еске салайық, Дінмұхамбет Сүлейменов спорттық мансабында Қазақстан құрамасымен бірге 2016 жылы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері атанды. "Қайрат" клубымен ішкі біріншілікте 9 рет топ жарса, УЕФА Кубогін 2 мәрте иеленді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар