Футзал
15 сәуір 15:24

Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы екінші матчқа трнасляция

©ҚФФ

Бүгін, 15 сәуір күні Қазақстан футзал құрамасы Әзірбайжан командасымен екінші жолдастық матч өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу Ақтау қаласында өтіп, Қазақстан уақыты бойынша 18:00-де басталады. Ойынды тікелей эфирде Qazsport телеарнасы көрсетеді.

Екі команда арасындағы алғашқы матч 13 сәуір күні дәл осы Ақтауда өткен болатын. Сол кездесуде Қазақстан құрамасы 9:2 есебімен сенімді жеңіске жеткен еді.

Бұл ойын Қазақстан құрамасы үшін Какаудың бас бапкер қызметіне қайта оралғаннан кейінгі алғашқы матч болды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport