Футзал
6 қазан 2021 23:34

Қазақстан құрамасының ойыншысы Арнольд Кнауб ресейлік клубқа ауысты

©ҚФФ

Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Арнольд Кнауб "Динамо-Самара" командасына ауысты. Бұл туралы ресейлік клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

"Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Арнольд Кнауб "Динамо-Самара" клубын толықтырды. Біз Арнольдқа сәттілік тілейміз. Жаңа жеңістерге бірге жетеміз", - делінген клубтың хабарламасында.

Еске салайық, Кнауб Литвада өткен әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасының намысын қорғады. Арнольд әлем біріншілігінде екі гол соқты және өз командасының жартылай финалға шығуына көмектесті, бірақ, команда ол кезеңде Португалия құрамасынан ұтылды (2:2, 3:4).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport