Қазақстан құрамасының көшбасшы ойыншысы Ресей чемпионатының жүлдегері атанды

©instagram.com/douglasjr14/

КПРФ футзал командасы өз тарихында екінші мәрте Ресей чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Финалдық серияда мәскеулік команда 0:3 есебімен жеңіліп қалды. Ал өз кезегінде "Газпром-Югра" командасы үшінші рет Ресей чемпионы атанды. 

Еске салайық, КПРФ командасы сапында жалда Қазақстан құрамасының қорғаушысы Дуглас Жуниор өнер көрсетеді. Бұл қорғаушы негізі "Қайрат" командасына тиесілі. Осыған дейін алматылық клуб онымен келісімшартты ұзартқан болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар