Қазақстан құрамасының бас бапкері футзалдан әлем чемпионатын шегеруді ұсынды

Сурет: "Қайрат" АФК
Литвада өтуі керек футзалдан әлем чемпионаты кейінгі шегерілуі керек. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикардо Кака осындай пікір білдірді. 

24 елдің құрамасы қатысатын турнир 12 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді деп жоспарланған. Қазақстандық команда өз тарихында үшінші рет финалдық кезеңге өтті. Бразилиялық маманның сөзінше, бұл жарысқа дайындалуға уақыт жеткіліксіз болады. 

"Жеке пікірім - Литвадағы әлем чемпионаты белгіленген уақытта өтпеуі тиіс, өйткені барлық командалар бабында емес. Бұл менің қазіргі таңдағы пікірім. Әрине егер чемпионаттар 15 күннен кейін жанданса, онда бәрі жақсы болады. Алайда мұндай жағдайда да бізде чемпионат жанданып, ал Еуропа мен Оңтүстік Америкада солай қалуы мүмкін. Осыған байланысты футзал үшін, ойын сапасы үшін, әлем чемпионатын шегеру керек. Бұл жағдай бойынша менде ресми ақпарат жоқ", - дейді Кака. 
Метки:
Жаңалықтар