Қазақстан құрамасы ірі есеппен жеңіске жетті

©ҚФФ

Футзалдан Қазақстан құрамасы ӘЧ-2024 іріктеу турнирінің екінші ойынында жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Черногория командасымен сырт алаңда кездескен жерлестеріміз 1:5 есебімен жеңіске жетті.

Кака шәкірттерінің арасында Лео, Эдсон, Арнольда Кнауб, Альберт Ақбалықов және Тайнан ерекшеленді. Черногориялықтардан Филип Маркович гол салды.

Енді осы жеңісінің арқасында футзалшыларымыз 5 топта 6 ұпаймен көш бастап тұр. Словенияның еншісінде 3 ұпай және әзірге Черногория ойыншыларында ұпай жоқ.

Енді Қазақстан құрамасы іріктеудегі келесі кездесуін 9 қараш күні Алматыда тағы "қаратаулықтарға" қарсы өткізеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар