Қазақстан құрамасы футзалдан әлем чемпионатының ширек финалында Иранмен кездеседі

ҚФФ

Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының ширек финалында Иран құрамасымен кездеседі, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

1/8 финалда Иран құрамасы Өзбекстанды 9:8 есебімен ұтты. Осылайша, енді 1/4 финалда Иран құрамасы Қазақстанға қарсы кездесу өткізеді. Бұл ойын 27 қыркүйек күні Каунас қаласында өтеді. 

Сондай-ақ, әлем чемпионатының ширек финалында Марокко - Бразилия, Россия - Аргентина құрамалары жолығады. Қалған жұптар бүгін анықталады. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар