Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты өтетін Литваға келді, деп хабарлайды KazFootball.kz порталы.
Қазақстан құрамасы Мәскеу қаласында үш жолдастық кездесу өткізіп, оқу-жаттығу жиындарын аяқтады. Содан соң команда Франкфурт-на-Майне арқылы Вильнюс қаласына ұшып келді. Одан ары қарай Каунастан 40 шақырым жерде орналасқан Бирштонас қаласына келіп, "Vytautas Mineral SPA" қонақ үйіне жайғасты. Бұл жерде Қазақстан құрамасының топтағы қарсыластары да орналасқан.
Еске салайық, Литвадағы әлем чемпионаты 12 қыркүйек күні басталады. Бұл күні Қазақстан құрамасы Коста-Рикаға қарсы ойнайды.