Қазақстан құрамасы фин ойыншыларын тізе бүктірген матчтың видеосы

©kff

Нидерландының Гронинген қаласында өткен Финляндия мен Қазақстан арасындағы кездесуде ірі есеп тіркелді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

40 минуттың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы есепте екі рет ұтылып жатып, айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Финляндия құрамасында Миика Хосио мен Яни Корпела гол соқса, Қазақстан командасында Біржан Оразов пен Арнольд Кнауб дубль авторы атанды. Сонымен қатар, қақпашы Игита мен Азат Валиуллин де ерекшеленді.

Еске салайық, бас бапкер Рикардо Кака елордада коронавирусқа қарсы тест тапсырып, оң нәтижесін көрсеткендіктен Словениямен (2:2) өткен матчта құраманың жанынан табыла алмады. Алайда одан кейінгі сынама қорытындысы бойынша бразилиялық маман Еуропа чемпионатына баруға мүмкіндік алды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Показать комментарии
Жаңалықтар