wt5wMthAex9mteGPpXrh7P9aW3cWL9a57y4D4oGx
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында Литваны ұтты

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында Литваны ұтты
©ФИФА

Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты аясында екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.  

Қазақстандық футзалшылар топтық кезеңдегі екінші матчында турнир қожайыны Литвамен кездесті. Матчтың 23-секундында Тайнан есеп ашты. Бұл биылғы әлем чемпионатындағы ең жылдам гол болып тіркелді. 

Үзіліске дейін есеп өзгерген жоқ. Ал екінші таймда қазақстандықтар тағы екі гол соқты. Алдымен Дәурен Тұрсағұлов көзге түсті. Кейін Альберт Ақбалықов жақын бұрышты дәл көздеді. Қорытынды есеп - 3:0, Қазақстан құрамасы үш ұпай еншіледі.

Енді Қазақстан 18 қыркүйекте Венесуэла құрамасымен күш сынасады. Бұл ойында жеңіске жетсе, команда топтан бірінші орынмен шығады. 

Әлем чемпионаты – 2021. Топтық кезең. 2-тур.

Литва – Қазақстан 0:3 (0:1)

Голдар: Тайнан 1, Тұрсағұлов 30, Ақбалықов 36.

Литва: Загарас (Қ), Загурскас (К), Сендзикас, Реймарис, Жучно; Глинскис, Буйницкий, Дерендяев, Буцма, Спиетинис, Воскуновиц, Баранаускас, Мацейнис, Самсоник.

Қазақстан: Игита (Қ, К), Дуглас, Тайнан, Оразов, Тұрсағұлов, Серіков, Қарағұлов, Нұрғожин, Тоқаев, Валиуллин, Ақбалықов, Есенаманов, Кнауб, Сарбасов.

15 қыркүйек. Каунас. "Каунас Арена".

Все самое актуальное о спорте в вашем телефоне - подписывайтесь на наш Instagram!

Әлеуметтік желілерде бөлісу


Тег:
Жаңалықтар